"АҚШ аруы" биік ғимараттан секіріп қаза болды

© instagram/chesliekryst

Нью-Йоркте "АҚШ аруы-2019" Чесли Крист 60-қабатты ғимараттан секіріп қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New York Post және TMZ-ге сілтеме жасап.

Нью-Йоркте "АҚШ аруы-2019" Чесли Крист 60-қабатты ғимараттан секіріп қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі New York Post және TMZ-ге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 30 қаңтарде, жексенбіде таңғы уақытта болған. 30 жастағы арудың денесі қала орталығында 42-ші көшеде табылды.

Чесли Крист өлі табылған жер. © NYPost

Реклама
Реклама

Өлімінен бірнеше сағат бұрын Чесли Instagram-да өз суретін жариялап, "Бұл күн бейбітшілік пен тыныштық әкелсін" деп жазба жариялаған.

Дереккөздердің айтуынша, Крист өзінің мүлкін анасына - бұрынғы сұлулық байқауының қатысушысы, "Солтүстік Каролина миссисі - 2002" титулының иегеріне қалдырғаны туралы жазба қалдырған. Суицидтің себебі жазбада айтылмаған. "АҚШ аруы-2019" отбасы мен әріптестері арудың қазасын растап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама