22 маусым 2022 09:20

АҚШ әуежайында жолаушылар мінген ұшақ өртенді

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

АҚШ-тағы Майами халықаралық әуежайында ұшақа өртенді. Бортта 126 адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC Miami телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тағы Майами халықаралық әуежайында ұшақа өртенді. Бортта 126 адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC Miami телеарнасына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ұшақ қонғанда шассиі құлап кеткен. Кейін өрт шыққан. Авиация департаменті өкілінің айтуынша, Red Air рейсі Доминикан Республикасының Санто-Доминго қаласынан келген.

Реклама
Реклама

MD-82 лайнері бортында 126 адам болған, оның үшеуі жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Басқа жолаушылар терминалға жеткізілген.

Өртсөндірушілер мен құтқарушылар ұшақтағы өрт тез арада ауыздықталғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram