29 қыркүйек 2021 12:10

АҚШ Ауғанстан әуе кеңістігін бұзды деп айыпталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: defense.gov

"Талибан" қозғалысы өкілдері (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша, Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) АҚШ Ауғанстан әуе кеңістігін бұзды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибан" қозғалысы өкілдері (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша, Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) АҚШ Ауғанстан әуе кеңістігін бұзды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Талибан" қозғалысы өкілі Забиулла Мужахид Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Ауғанстан Ислам Әмірлігі - елдегі жалғыз заңды тұлға ретінде Ауғанстан жері мен әуе кеңістігін күзетуші. Біз жақында АҚШ-тың Ауғанстан Ислам Әмірлігі егемендігін, сондай-ақ, біздің әуе кеңістігімізге ұшақтарын жіберу арқылы халықаралық құқық нормаларын бұзғанын көрдік. Бұл жағдайды алдын алу керек", - деді "Талибан" өкілі.

Мужахид Вашингтонды Доха келісімін сақтауға шақырды. Оның айтуынша, болашақта ауған билігі ел аумағына басып кіру әрекетін тоқтатады.

"Біз барлық елді, әсіресе АҚШ-ты Ауғанстанға халықаралық құқықтар, заңдар мен міндеттемелер тұрғысынан және әртүрлі теріс салдардың алдын алу үшін өзара құрметпен қарауға шақырамыз", - делінген "Талибан" мәлімдемесінде.

Бұған дейін Ауғанстандағы "Талибан" үкіметі халықаралық рейстерді қайта бастау туралы үндеу жариялап, авиакомпаниялармен келісіп, Кабул әуежайындағы мәселелер шешілгенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram