28 қаңтар 2020 08:53

АҚШ Ауғанстанда өз ұшағының құлағанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Twitter / PoliticTurk Фото: Twitter / PoliticTurk

АҚШ күштерінің Ауғанстандағы қолбасшылығы Газни провинциясында апатқа ұшыраған әскери ұшағының себебін анықтап жатыр, алайда америкалықтар ұшақты тәліптер құлатты дегенге сенбейді, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ күштерінің Ауғанстандағы қолбасшылығы Газни провинциясында апатқа ұшыраған әскери ұшағының себебін анықтап жатыр, алайда америкалықтар ұшақты тәліптер құлатты дегенге сенбейді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Америкалық Bombardier E-11A бүгін Ауғанстандағы Газни провинциясында апатқа ұшырады. Әзірше апатқа ұшыраудың себебі жау қолынан болды дегенге ешқандай нұсқау жоқ. Біз қосымша ақпаратты түсуіне қарай береміз. Тәліптердің тағы бір ұшақ апатқа ұшырады деген мәлімдемесі жалған", - деді қолбасшылықтың ресми өкілі полковник Сонни Леггетт Twitter-дегі парақшасында.

Ал бұған дейін ауғанның Газни провинциясында әуе кемесі құлағаны хабарланған. Газни губернаторы Ариф Нури ұшақтың Дех-Як ауданында құлағанын мәлімдеген. Ал бұл аудан тәліптердің бақылауында. 

Ariana News телеарнасы "Талибан" радикал қозғалысының Ауғанстанның шығысында құлаған әуе кемесіне жауапкершілікті өз мойнына алғанын хабарлағанеді. Содырлар АҚШ ұшағын атып түсірдік деп мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети