28 ақпан 2022 | 13:12

АҚШ азаматтарын Ресейден дереу кетуге шақырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Мәскеудегі АҚШ елшілігі америкалық азаматтарға Ресейден дереу кетуге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеудегі АҚШ елшілігі америкалық азаматтарға Ресейден дереу кетуге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Америкалық дипломаттар Ресейдегі АҚШ азаматтары қолжетімді коммерциялық рейстерді пайдаланып тезірек қайтуы керек деді.

"Көп авиакомпаниялар Ресейге және Ресейден келетін рейстерді тоқтатып жатыр, ал көптеген елдер ресейлік әуекомпаниялары үшін әуе кеңістігін жауып тастады. АҚШ азаматтары әлі де қолжетімді коммерциялық опциялар арқылы Ресейден дереу кету мүмкіндігін қарастыруы керек", - делінген елшіліктің сайтында.

Реклама
Реклама

Елшіліктің мәліметінше, Украинадағы америкалықтарға, қауіпсіз жолды қарастырып елден шығуды ұсынды. Мемлекеттік департамент Польша, Молдова, Венгрия, Румыния және Словакияға өтуге кеңес береді.

Елшілік америкалықтардан "АҚШ үкіметінің көмегін қамтымайтын іс-қимыл жоспарын" ойластыруды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная