АҚШ Байденнің Украинаға сапары туралы Ресейді алдын ала хабардар етті - Ақ үй

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақ үй АҚШ президенті Джо Байденнің Киевке сапарына дайындықтың егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.

Ақ үй АҚШ президенті Джо Байденнің Киевке сапарына дайындықтың егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.

АҚШ президентінің әкімшілігі Ресейге президент Джо Байденнің Киевке сапары туралы Вашингтоннан кетеріне бір-екі сағат қалғанда хабарлаған.

Реклама
Реклама

Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан: "Біз Ресейге президент Байденнің қақтығысты болдырмау үшін Киевке баратыны туралы бірнеше сағат бұрын хабардар еттік", - деді.

19 ақпанда Ақ үй Байденнің дүйсенбі түстен кейін Вашингтонда болатынын, содан кейін Польшаға ресми сапармен ұшатынын айтқан кестесін жариялады. New York Times газетінің мәліметінше Байден сенбі кешке жасырын түрде Варшаваға ұшып, сол жерден Киевке пойызбен жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама