17 ақпан 2022 | 12:42

АҚШ COVID-19 пандемиясының келесі кезеңіне дайындалып жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

АҚШ-тың денсаулық сақтау саласының шенеуніктері омикрон штамымен байланысты жағдайлар саны азайып жатқандықтан, COVID-19 пандемиясының келесі кезеңіне дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың денсаулық сақтау саласының шенеуніктері омикрон штамымен байланысты жағдайлар саны азайып жатқандықтан, COVID-19 пандемиясының келесі кезеңіне дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, мұндай шешім АҚШ-тың көптеген штаттары COVID-19 шектеулерін жеңілдете бастағаннан кейін қабылданған. CDC мәліметтері бойынша, коронавирус жұқтыру дерегі алдыңғы аптамен салыстырғанда 40 пайызға, ауруханаға жатқызулардың орташа саны 28 пайызға, ал қайтыс болғандардың орташа саны 9 пайызға төмендеген.

"Біз COVID-дан өзімізді қорғап, емдей алатын уақытқа қарай жылжып келеміз. Президент және біздің COVID-19 командасы болашақты белсенді түрде жоспарлап отыр. Біздің басты міндетіміз - омикронмен күресу", - деді Ақ үйдің коронавируспен күрес жөніндегі үйлестірушісі Джефф Зиентс.

Реклама
Реклама

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) директоры Рошель Уэленский агенттік COVID-19-бен күресу бойынша жаңа ұсыныстарды қарастырып жатқанын айтты. CDC бірнеше штаттарда маска кию талаптары жойылады деп күтеді.

"Біз адамдарға көрсеткіш жақсарған сәтте маска киюден үзіліс жасағымыз келеді, алда жағдай нашарласа, қайта киетін болады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная