ПОДЕЛИТЬСЯ
21 мамыр 2021 | 09:28
АҚШ COVID зертханадан тарағанына дәлел барын мәлімдеді
SARS-CoV-2 коронавирус қытайдағы зертханадан тарап кеткені туралы "маңызды жанама дәлелдер" бар. Бұл туралы Fox News телеарнасына түскен республикалықтардың есебінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
SARS-CoV-2 коронавирус қытайдағы зертханадан тарап кеткені туралы "маңызды жанама дәлелдер" бар. Бұл туралы Fox News телеарнасына түскен республикалықтардың есебінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Коронавирустың тарауын анықтауға бағытталған халықаралық күш-жігер Қытай тарапынан ынтымақтастықтың жоғынан бекер болды. Оған қарамастан, маңызды жанама дәлелдер COVID-19 Ухан вирусология институтынан тарап кетуіне байланысты болуы мүмкін болғандықтан алаңдатып отыр", - делінген хабарламада.
Республикалықтардың сөзінше, америкалық дипломаттар 2017 жылы Ухандағы зертхана "коронавирустың қауіпті зерттеуімен қажет қауіпсіздік хаттамаларын сақтамай айналысып жатқанын" айтқан екен.
Сонымен қатар, олар 2019 жылдың күзінде бірқатар зертханалық зерттеушіде коронавирусқа тән белгілердің пайда болуын және қытай әскерінің зертханаға қатысуын көрсетеді.
Одан бөлек, республикалықтар АҚШ үкіметі мен академиялық институттарының Ухан зертханасын зерттеуде қаржыландыруы немесе бірлесіп жұмыс істеуі мүмкін екендігінің "айқын белгілері" туралы мәлімдеді.
Есеп авторлары АҚШ үкіметін Қытайға COVID-19 тарауы туралы толық және сенімді тергеу жүргізу үшін көбірек "қысым жасауға" шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также