ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сәуір 2020 | 09:02
АҚШ ДДҰ-ны енді ешқашан қаржыландырмауы мүмкін
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Трамп әкімшілігінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтату туралы шешімі ешқашан өзгермей, қаржыландыру жалғаспауы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі. Бұл туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп ДДҰ-ны қаржыландыру тоқтатылғанын жариялаған. Трамп әкімшілігі ұйымды COVID-19 коронавирусының тарауына шұғыл әрекет етпеді деп айыптаған.
"Солай деп ойлаймын, оның үстіне, Құрама Штаттары америкалық салық төлеушілердің қаражатын ДДҰ-ға бұдан былай ешқашан жөнелтпеуі мүмкін деп ойлаймын. Бұдан да батыл қадамға баруға туралы келеді деп ойлаймын", - деді АҚШ мемхатшысы "ұйым басшысын ауыстыру керек пе" деген сұраққа жауап бере отырып.
"ДДҰ-ның мәселесін дұрыстап шешіп алуымыз керек деп ойлаймын ... ұйымда 2007 жылы реформа болды, сондықтан БҰҰ құрылымына кіретін ұйымдағы проблеманы бірінші рет көріп отырғанымыз жоқ. Мұны түзеуіміз керек, ДДҰ құрылымдық реформасын жасау керек", - деді Помпео. Ол жүргізушінің АҚШ-та ұйымның өз аналогын құру керек деген сөзіне қатысты пікір білдірмеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19-ды пандемия деп жариялаған. ДДҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2,47 миллионға жетсе, 169 мың адам қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также