АҚШ елдегі аза тұтуға қарамастан Иранға қайта шабуыл жасап жатыр

АҚШ елдегі аза тұтуға қарамастан Иранға қайта шабуыл жасап жатыр Фото:depositphotos.com

АҚШ Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарға жауап ретінде Иранға бірқатар соққы жасады. Бұл туралы елдің Орталық қолбасшылығы хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство нақты қандай нысандарға соққы жасалғанын айтқан жоқ.

"АҚШ Орталық қолбасшылығының күштері халықаралық су жолында бейбіт тұрғындар басқаратын коммерциялық кемелерді нысанаға алғаны және оларға шабуыл жасағаны үшін Иранға ауыр шығын келтіру мақсатында бірқатар қуатты соққылар жасай бастады. АҚШ-тың бұл соққылары Иранның Ормуз бұғазы арқылы өткен үш коммерциялық кемеге жасаған шабуылдарына жауап. Иран тарапынан көрсетілген агрессия негізсіз, қауіпті және бітімгершілік келісімін анық бұзу", - делінген Centcom хабарламасында.

Жарнама
Жарнама

Иранның Tasnim ақпарат агенттігі елдің оңтүстігінде бірнеше жарылыс дауысы естілгенін хабарлады. Ирандық БАҚ АҚШ тарапынан бітімгершілік келісімінің бұзылғанын жазып жатыр. Сондай-ақ Ливанның оңтүстігіне Израиль әуеден соққы жасағаны туралы хабарланды.

Кейінірек Axios басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, АҚШ-тың Иранға жасаған жаңа соққыларының нысанасы әуе қорғанысы жүйелері, жағалаудағы бақылау бекеттері, зениттік зымыран кешендері, кемеге қарсы қанатты зымырандардың позициялары, дрондарды ұшыру алаңдары мен порт инфрақұрылымы болғанын хабарлады.

Жаңа шиеленіс Ормуз бұғазындағы кемелерге жасалған шабуылдардан кейін басталды. Сейсенбі, 7 шілдеде, ол жерде үш танкерге шабуыл жасалды, соның ішінде Қатардың газ тасымалдаушы кемесі бар. Қатардың мәлімдеуінше, оған ирандық дрон соққы жасаған.

Оман жағалауында Сауд Арабиясының туы астындағы шикі мұнай тасымалдайтын танкер, шамамен Wedyan супертанкері зақымдалды. Зақымдану себебі әзірге белгісіз. Алдын ала мәліметтер бойынша, Иран үш сауда кемесіне оқ жаудырған. Бұл туралы есімін атамаған америкалық шенеунік Reuters агенттігіне хабарлады.

Иран бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Иран Сыртқы істер министрлігі Тегеран өз міндеттемелерін адал орындап жатқанын мәлімдеді, бірақ сонымен бірге коммерциялық кемелер Иранмен келісілмеген бағыттарды пайдалану арқылы қауіп-қатерге бас тігетінін атап өтті.

Бұл соққылар - 26 маусымнан бері америкалық әскерлердің ирандық нысандарға жасаған алғашқы шабуылы. Ол кезде де АҚШ ресми өкілдері елдер арасындағы оқ атуды тоқтату туралы келісімді бұза отырып, "коммерциялық кеме қатынасына қарсы негізсіз агрессияға" жауап беріп жатқандарын мәлімдеген болатын.

Ормуз бұғазындағы кемелерге жасалған шабуылдарға жауап ретінде АҚШ ирандық мұнайды сатуға рұқсат беретін лицензияның күшін жойды. Барлық мәміле 17 шілдеге дейін аяқталуы тиіс.

Еске сала кетейік, 4 шілдеде Иранда аза тұту рәсімдері басталды, бұл Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің қайтыс болуына байланысты. Аза тұту 9 шілдеге дейін жалғасады.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы осы күндері елге соққы жасауға бағытталған кез келген әрекеттен сақтандырды. Президент Дональд Трамп АҚШ Иранға жерлеу рәсімі кезінде "бір апта демалыс" беретінін мәлімдеді.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама