03 наурыз 2014 14:52

АҚШ еліміздің ДСҰ-ға кіруі жайлы келіссөздерге Ресейді қатыстырмады

АҚШ Ресейдің ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің өкілдерін Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы жөніндегі келіссөздерге қатыстырудан бас тартты деп хабарлайды Tengrinews.kz Россельхознадзордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған мәселе бойынша ресейлік сарапшылардың қатысуымен келіссөздердің кезекті раунды Вашингтонда 3-6 наурыз аралығында өтуі тиіс болған. "Ұшуға бір тәуліктен кем уақыт қалғанда америкалық елшілік өкілдері электронды пошта және телефон арқылы ресейлік келіссөздер тобының жетекшісі - Россельхознадзор жетекшісінің орынбасары Николай Власовқа АҚШ-қа ресейлік сарапшылардың келуі қабылданбайтын әрекет екенін жеткізді. Бірақ Қазақстанның келіссөздер тобы Вашингтонға ұшып кетті", - делінген Россельхознадзор таратқан хабарламада. Бұған дейін Қазақстанның ДСҰ-ға енуі үшін импортқа арналған кедендік баж жөніндегі міндеттемелерді келісу ғана қалғаны хабарланған еді. Бұл мәселеде еліміздің Кеден одағына мүшелігіне байланысты сәйкессіздіктер болған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram