08 шілде 2021 | 09:03

АҚШ елшілігі ауғандарды Қазақстанда паналату туралы өтінішке қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
© REUTERS

АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы елшілігі Америка үкіметінің "Талибанға" қарсы күресте көмектескен тоғыз мыңға жуық Ауғанстан азаматын Қазақстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда орналастыру туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы елшілігі Америка үкіметінің "Талибанға" қарсы күресте көмектескен тоғыз мыңға жуық Ауғанстан азаматын Қазақстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда орналастыру туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АҚШ әскери армиясына және АҚШ үкіметінің басқа қызметкерлеріне көмектескендерді қолдауға тырысамыз, көбінесе олардың өздеріне және отбасыларына қауіп төнеді. Көп жұмыс істейміз және барлық мүмкін жағдайды алдын ала білуге тырысамыз.

Алаңдаушылық білдіретін бірқатар елмен, арнайы иммиграциялық визаларға өтініш берушілер тобын (Special Immigrant Visa немесе SIV), сондай-ақ бізге көмектескен және өміріне қауіп төніп тұрған басқа адамдарды шығарып алу, орналастыру мүмкіндігін талқылаймыз.

Қазіргі уақытта бұл туралы нақты жаңалық жоқ. Қауіпсіздік мақсатында біз ұсынылған операциялар туралы ақпаратты шектеуді жоспарлап отырмыз", - деді елшілік баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін қазақстандықтар бұл жаңалықты қызу талқылап жатқаны хабарланған болатын. Алайда саясаттанушы Сұлтан Әкімбековтің айтуынша, АҚШ мәлімдемесіне эмоциямен жауап берудің қажеті жоқ. Өйткені бұл туралы әлі ресми мәлімдеме болған жоқ.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, АҚШ Орталық Азияның үш еліне - Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылығына "Талибанға" қарсы күресте Америка әскеріне көмектескен 9 мыңға жуық Ауғанстан азаматын өз жеріне уақытша орналастыру туралы келісімге қол қоюға өтініш айтқан болатын.

Вloomberg басылымының деректері бойынша, келісім Америка мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты орнату жөніндегі ірі мәміленің бір бөлігі болуы тиіс. Ол ауған мәселелерін реттеу төңірегінде болады. Вашингтонда жұмыс сапарымен жүрген Өзбекстан мен Тәжікстанның Сыртқы істер министрлері Абдулазиз Камилов пен Сироджиддин Аслов осы аптада тиісті құжаттарға қол қоюы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная