12 қаңтар 2020 | 10:09

АҚШ Иракқа ескерту жасады

Камила Долаева Журналист
Сурет: pixabay.com

Вашингтон белгілі бір талаптар орындалмаса, Ирактың мұнай саудасынан түскен қаражаты сақталған АҚШ-тағы үкіметтік банк шоттарын қолдануға мүмкіндік бермейтінін ескертті. Бұл туралы Wall Street Journal жазды, - хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Вашингтон белгілі бір талаптар орындалмаса, Ирактың мұнай саудасынан түскен қаражаты сақталған АҚШ-тағы үкіметтік банк шоттарын қолдануға мүмкіндік бермейтінін ескертті. Бұл туралы Wall Street Journal жазды, - хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, АҚШ Ирак олардың әскерін елден шығарса, Нью-Йоркте орналасқан Федералдық резервтік банкіндегі шоттарын ашпайтынын айтты. Тиісті ескертуді Ирактың премьер-министрі Адель Абд әл-Махди 8 қаңтарда алған.

Реклама
Реклама

Америкалық биліктің осындай қадамы Ирак экономикасына елеулі залал келтіруі мүмкін. Банк есепшотында қандай сома сақталғаны жазылмаған.

Еске салсақ, бұған дейін Ирак парламенті Бағдад халықаралық әуежайының маңында болған шабуылдан кейін шетелдік әскерді елден шығару туралы шешім қабылдаған. Сол күні ирандық генерал Касем Сулеймани қаза тапқан болатын. Соққы Ирак билігімен келісілмеген.

Ал Ирак Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Абдель Керим Халф америкалық әскерді шығару механизмін дайындау басталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Ирак ауыр зардап шегетінін айтқан. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная