АҚШ Иранға қайта соққы жасағананнан кейін мұнай бағасы күрт көтерілді

АҚШ Иранға қайта соққы жасағананнан кейін мұнай бағасы күрт көтерілді Фото:depositphotos.com

АҚШ-тың Иранға соққыларын қайта бастауы мен ирандық мұнайды сату лицензиясының күшін жоюы аясында әлемдік мұнай бағасы күрт өсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Іce.com сайтының мәліметінше, Brent эталондық қоспасына қыркүйектегі фьючерстердің құны 2,75 пайызға қымбаттап, бағаның шарықтау шегінде барреліне 76,5 долларға дейін көтерілді.

Жарнама
Жарнама

Бұл АҚШ әскерилері бірқатар соққы жасағаннан кейін болып отыр. АҚШ 7 шілдеде Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарға жауап ретінде ирандық нысандарға қайта шабуыл бастады.

Сондай-ақ АҚШ Қаржы министрлігі Иранға өз мұнайын әлемдік нарықта сатуға мүмкіндік беретін лицензияны кері қайтарып алды.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама