АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға соққы жасай бастағанын хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәлімдемеде бұл соққылар "Бас қолбасшының тапсырмасы бойынша Ирандағы бірнеше нысанға қарсы өзін-өзі қорғау мақсатында" жасалып жатқаны айтылған.
"Соққылар Иранның негізсіз және жалғасып жатқан агрессиясына берілген жауап", - деп мәлімдеді Centcom.
Америкалық ресми тұлғалар жаңа соққылардың мақсаты - Тегеранға қысым жасап, келісімге қол қоюға мәжбүрлеу екенін айтады, бірақ бұл соққылар әскери шиеленістің өршу қаупін де тудырады, деп хабарлайды Axios.
Басылымның жазуынша, америкалық ресми тұлғалар Иран тарапынан жауап күтеді, бұл сейсенбі күні кешке болғандай, америкалық базаларға жасалатын соққылар болуы мүмкін.
Иранның Tasnim ақпарат агенттігі әскери дереккөзге сілтеме жасап, "қатаң жауап шараларын" қолдануға уәде берді.
Бұған дейін сәрсенбіде Иран президенті Трамптың қоқан-лоқылары күшті емес, керісінше "шарасыздықты" білдіретінін айтқан болатын.
Еске сала кетейік, сейсенбі күні кешке АҚШ америкалық тікұшақтың атып түсірілуіне жауап ретінде Иранның радарлары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандарына соққы жасаған болатын. Бұған жауап ретінде Иран америкалық базаларға салыстырмалы түрде аз мөлшерде зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар ұшырды.