23 қыркүйек 2022 | 08:49

АҚШ Иранның моральдық полициясына қарсы санкциялар енгізді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

АҚШ билігі ирандық Махса Аминидің өліміне байланысты Иранның моральдық полициясына санкциялар енгізді. Бұл туралы елдің Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ билігі ирандық Махса Аминидің өліміне байланысты Иранның моральдық полициясына санкциялар енгізді. Бұл туралы елдің Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, Санкциялар Иранның құрлық күштерінің қолбасшысы генерал Киюмарс Хейдариге, барлау және қауіпсіздік министрлігіне, Басиж қарсыласу күштеріне және елдің құқық қорғау күштеріне қарсы енгізілді.

Жалпы, Иранның күш құрылымдарының жеті басшысы шектеулерге ілінді. Олар елдегі соңғы тәртіпсіздіктер кезінде наразылық білдірушілерге қарсы күш қолданғаны үшін айыпталып отыр.

Реклама
Реклама

Атап айтқанда, Иранның моральдық полициясының басшысы "Иран әйелдеріне теріс пиғыл танытқаны және зорлық-зомбылық жасағаны, сондай-ақ Иранда бейбіт наразылық білдірушілердің құқықтарын бұзғаны үшін" жазаланады.

Еске салайық, 22 жастағы ирандық хиджабты дұрыс кимегені үшін моральдық полиция ұстап, кейін қайтыс болған Махса Аминидің өлімі Иранда наразылық толқынын тудырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная