27 наурыз 2020 | 09:21

АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орынға шықты

© Reuters

Бейсенбі, 26 наурызда АҚШ коронавирус жұқтыру дерегі бойынша бірінші орынға шықты. Олар бір күнде Қытай мен Италиядан озып кеткен. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейсенбі кешкі уақыттағы мәлімет бойынша, АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар саны 82,4 мың адамнан асқан. Қытайда 81,8 мың, Италияда 80,5 мың адам вирус жұқтырған. 

Реклама
Реклама

АҚШ-та өз статистикасын жүргізіп отырған New York Times газеті де осындай сандарды атады. 

АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны Италиядан да тез көбейіп жатыр, ал Қытайда қазір коронавирус тоқтап келеді. 

Бірақ АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 1178-ге жеткен. Бұл Италия (8215), Испания (4365) және Қытайдан (3287) әлдеқайда аз.

Дональд Трамп 26 наурызда Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында АҚШ-тың коронавирус жұқтырғандар арасында бірінші орынға шығуына жаппай сынама жасау себеп болғанын айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram