19 мамыр 2020 | 09:29

АҚШ коронавирусқа қарсы вакцина тәжірибеден сәтті өткенін мәлімдеді

© REUTERS

Америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық тәжірибеден бірінші фаза бойынша сәтті өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық тәжірибеден бірінші фаза бойынша сәтті өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Препаратты сынақтан өткізуге адамдар ерікті түрде сәуірден бастап қатыса бастаған. Компания мәліметі бойынша, mRNA-1273 вакцинасын қабылдаған адамдарда антидене саны дәрі мөлшеріне байланысты өсе бастаған.

Реклама
Реклама

Алғашқы кезеңдерде препарат қауіпсіз болған, ол асқынусыз өткен. Компания клиникалық сынама өткізудің финалдық кезеңі шілдеде басталады деп жоспарлап отыр екен. Ал компания акциялары вакцина туралы мәлімет шыққаннан кейін 25 пайызға өсіп кеткен. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, COVID-19 жұқтырған 4 628 903 адам анықталса, оның 312 мыңға жуығы қайтыс болған. Дүние жүзінде бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 100 078 адам анықталған. 

Қазақстанда коронавирус пандемиясы анықталғалы 6751 адам COVID-19 жұқтырса, оның 3469-ы аурудан айығып шыққан. Тағы 35 науқас қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram