19 шілде 2023 | 15:41

АҚШ Қырғызстанға қарсы санкция дайындап жатыр - БАҚ

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

АҚШ Қырғызстанға санкция салуға дайындалып жатыр. Бұл туралы АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасап Washington Post мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Қырғызстанға санкция салуға дайындалып жатыр. Бұл туралы АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасап Washington Post мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ президентінің әкімшілігі Қырғызстанға санкция салынған тауарларды Ресейге жеткізуді тоқтату үшін қысым көрсететін жаңа экономикалық шараларды әзірлеп жатқаны айтылды.

Америкалық екі шенеуніктің айтуынша, бірнеше ай бойы Қырғызстан астанасы Бішкекке бірнеше америкалық және еуропалық дипломаттардың сапарларынан кейін Байден әкімшілігі жаңа экономикалық шаралар дайындауға кіріскен.

Реклама
Реклама

"Бұрын санкция салу немесе заңсыздықтар үшін айыпталған компаниялардың қара тізіміне енгізу болған әрекеттер осы аптаның басында қабылдануы мүмкін", - делінген хабарламада.

Қоғамдық сауда құжаттарда, Washington Post мәліметінше, Қырғызстанның көлеңкелі сауда нарығының ауқымдылығы айтылады. Қырғызстанның Ресейге жалпы экспорты 2022 жылы күрт артып, Украинаға басып кіргенге дейін былтырмен салыстырғанда 250 пайызға өскен.

"Қырғызстан басқа елдермен салыстырғанда шағын болғанымен, барлық фактордың бір уақытта санкцияларды айналып өтуіне жол берген", - деді жоғары лауазымды шенеуніктердің бірі.

Басылым мәліметінше, АҚШ Қырғызстаннан Ресейге тасымалданып жатқан қытайлық DJI Agras T30 ұшқышсыз ұшу апараттарының 14 партиясын Қазақстанда ұстағаны туралы хабарға ерекше назар аударған. Кедендік мекеме жеткізушінің тауарды тасымалдауға лицензиясы жоқ екенін айтты.

Washington Post газеті Қырғызстан билігі Қытайдың ұшқышсыз ұшу апараттарын Ресейге экспорттау әрекеті туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқанын атап өтті. Алайда америкалық басылым АҚШ-тағы Қырғызстан елшілігінен түсініктеме алды. Елшілік Мәскеумен сауда-саттықтың артуы ішінара ел шекарасы арқылы тауарлардың қозғалысын бақылайтын электрон жүйелердің жетілдірілуіне байланысты екенін айтты.

"Қырғызстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше, ал жалпы Ресей біздің негізгі сауда серіктестеріміздің бірі", - деді Қырғызстанның АҚШ-тағы елшілігінің қызметкері.

Бұған дейін Қырғызстанның энергетика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев Қырғызстаннан Ресейге Қазақстанды айналып өтетін тауар жеткізудің баламалы бағытын әзірлеу қай кезеңде екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная