14 наурыз 2022 | 11:01

АҚШ Қытай Ресейге санкциялар фонында көмектессе, салдары болатынын ескертті

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

АҚШ Қытай Батыс санкциялары фонында Ресейге көмектессе, оның салдары болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Қытай Батыс санкциялары фонында Ресейге көмектессе, оның салдары болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбіде АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Қытайдың бас дипломаты Ян Цзечимен кездесу қарсаңында Бейжіңге Мәскеуге көмектесу салдары туралы ескертті.

Reuters агенттігі мәліметінше, Ресей 24 ақпанда Украинаға шабуылын бастағаннан кейін Қытайдан әскери техника сұраған. Бұл Ақ үйде Бейжің Украина күштерінің қорғануына көмектесу үшін Батыстың күш-жігеріне нұқсан келтіруі мүмкін деген алаңдаушылық тудырды, деп хабарлаған АҚШ-тың бірнеше шенеуніктері.

Реклама
Реклама

Джейк Салливан/ ©REUTERS

Салливанның өзі CNN-ге берген сұхбатында Вашингтонның пікірінше, Қытай қақтығыс басталғанға дейін Ресейдің Украинадағы жоспарланған әрекеттері туралы білгенін айтты, дегенмен Бейжің нақты жоспарланған нәрсені толық түсінбеуі мүмкін. Оның айтуынша, АҚШ Қытайдың Ресейге экономикалық немесе материалдық қолдауын мұқият қадағалап отырады және егер ол орындалса, шаралар қабылдайды.

©REUTERS

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь дүйсенбідегі кездесуде Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Джо Байденнің қарашада өткен онлайн кездесуінде "стратегиялық тұрақтылық" және қару-жарақ бақылау мәселелерін талқылау үшін "маңызды консенсусты жүзеге асыру" талқыланатынын айтты. Екі жақ АҚШ-Қытай қарым-қатынастары және ортақ қызығушылық тудыратын халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасады, делінген Қытай министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Бұған дейін бірден бірнеше америкалық басылымдар: Finanсial Times, The New York Times және The Washington Post АҚШ үкіметіндегі дереккөздер сөзіне сілтеме жасай отырып, Ресей билігі Қытайдан әскери және экономикалық көмек сұрағанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная