ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2020 | 09:32
АҚШ Қытайда коронавирустың екінші толқыны жүруі мүмкін екенін мәлімдеді
Қытайда коронавирустың екінші толқыны жүруі мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығының басшысы Энтони Фаучи айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайда коронавирустың екінші толқыны жүруі мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығының басшысы Энтони Фаучи айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Қытай елді жауып тастады... Шектеулерді алып тастап, қалыпты өмірге оралса да, онда коронавирустың екінші толқыны жүруі мүмкін. Мұндай жағдай болмайды деп сенемін", - деді Фауч ABC телеарнасының эфирінде.
"Бұл вирус бірнеше аптадан бірнеше айға дейін өмір сүреді. Вирустың қалай таралатынын білгіңіз келсе - Қытай мен Оңтүстік Кореяға қараңыздаршы. Қытайда вирус бастапқыда көп таралса, қазір азайып жатыр. Бірнеше күн бұрын онда небәрі 11 жағдай тіркелді, бұл алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда өте аз", - дейді орталық басшысы.
Еске салайық, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын.
Ал кеше, 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялады.
Қазақстанда төтенше жағдай: комиссия құрамына кімдер кірді?
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также