ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2021 | 09:36
АҚШ Қытайдағы Олимпиадаға бойкот жариялауы мүмкін
АҚШ Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялау мүмкіндігін қарастырып жатқанын президент Джо Байден растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялау мүмкіндігін қарастырып жатқанын президент Джо Байден растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, дипломатиялық бойкот АҚШ шенеуніктерінің ақпан айында Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына қатыспайтынын білдіреді.
"Бұл қарастырылып жатыр", - деді Байден АҚШ әкімшілігі бойкот жариялау қарастырылып жатыр ма деген сұраққа.
Екі партия белсенділері мен Конгресс мүшелері АҚШ үкіметінің Қытайды Шыңжаңның батысындағы мұсылман этникалық топтарына қарсы геноцид жасады деп айыптауын ескере отырып, Байден әкімшілігінің бұл шараға дипломатиялық бойкот жариялауын талап етті, ал Бейжің мұны жоққа шығарды.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки кезекті брифингте АҚШ-тың қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауын қарастыруына Шыңжаңдағы адам құқықтарына алаңдаушылық себеп болғанын айтты.
"Бізді алаңдататыны - адам құқығының бұзылуы. Біз бұл мәселеге алаңдаймыз. Әрине, қатыспайтындай бірқатар факторлар бар", - деді Псаки журналистерге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также