АҚШ Лукашенконы президент ретінде мойындамады

Фото: belta.by

АҚШ Александр Лукашенконы Беларусьтің заң жүзінде сайланған президенті ретінде мойындамайды. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

АҚШ Александр Лукашенконы Беларусьтің заң жүзінде сайланған президенті ретінде мойындамайды. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"9 тамыздағы сайлау еркін әрі әділ өтпеді. Жарияланған сандар жалған болды және легитимділікті көрсетпеді. Құрама штаттар Александр Лукашенконы заң жүзінде сайланған президент деп мойындай алмайды", - деді департамент өкілі. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ Лукашенконы республика басшысы ретінде Германия, Словакия, Литва, Латвия, Эстония, Канада және Польша билігі мойындамады.

Еске салайық, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтті. ОСК дерегінше, дауыстың 80,1 пайызын Александр Лукашенко жинаған. Алайда оппозиция сайлауда Светлана Тихановская жеңді деп есептейді. Беларусьте бір айдан аса уақыт бойы наразылық акциясы өтіп жатыр.

Лукашенко инаугурация рәсімінде мәлімдеме жасады

23 қыркүйекте Беларусь бұқаралық ақпарат құралдары Александр Лукашенко инаугурацияны жасырын өткізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная