ПОДЕЛИТЬСЯ
04 ақпан 2022 | 12:28
АҚШ Мексикамен шекараны қорғау үшін робот иттерді сынап жатыр
АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің (DHS) ғылым және технологиялар басқармасы Мексикамен шекараны күзету үшін Ghost Robots фирмасының төрт аяқты робот иттерін сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DHS сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің (DHS) ғылым және технологиялар басқармасы Мексикамен шекараны күзету үшін Ghost Robots фирмасының төрт аяқты робот иттерін сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DHS сайтына сілтеме жасап.
Robots Ghost Robots Q-UGV ең алдымен, кеден және шекара қызметі агенттерінің көмекшісі болады, өйткені олар сынақтың барлық кезеңін сәтті өтіп жатыр. Олар адамдар үшін қауіпті аймақтарда – таулы және шөлді аймақтарда, Эль-Пасо сияқты температура өте жоғары жерлерде патрульдік қызмет етеді деген жоспар бар. Робот иттер контрабандашыларды, заңсыз иммигранттарды, қылмыскерлер мен есірткі тасымалдаушыларын анықтауға көмектеседі.
"Американың оңтүстік-батысы - шекараны бақылау үшін қауіпті, экстремал, экологиялық қауіптерді біріктіретін аймақ. Сондықтан робот иттер ол жерде жақсы жұмыс істей алады. Еліміздің қауіпсіздігін бақылау маңызды", - деді бағдарлама менеджері Бренда Лонг.
Q-UGV 360 камерасымен, тепловизормен, түнде көру құралымен, масштабтау камерасымен және әртүрлі сенсормен жабдықталған. Роботтың тұрақтылығы мен ұтқырлығы үшін төрт аяқтың әрқайсының кез келген қозғалысын секундына 2000 рет есептейтін бағдарлама қамтамасыз етілген.
Шекарада роботтарды орналастырудың нақты уақыты әлі белгісіз, қазір олар нақты патрульдік сценарийдің сынақтарын аяқтап жатыр.
Айта кетейік, Ghost Robots компаниясының Q-UGV роботтары дизайн жағынан Boston Dynamics компаниясының Spot роботтарына ұқсас. Екеуі де әскерилер тарапынан сынақтан өтті, ал Q-UGV-ді АҚШ армиясы, әуе күштері және теңіз жаяу әскерлері сатып алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также