ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қыркүйек 2017 | 12:05
АҚШ мемхатшысы: Назарбаевтың батыл шешімі Қазақстанның өркендеуіне жол ашты
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон өзінің ауқымды баяндамасында жаһандық қарусыздану мен таратпау үдерісіндегі Қазақстанның рөліне бөлек назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон өзінің ауқымды баяндамасында жаһандық қарусыздану мен таратпау үдерісіндегі Қазақстанның рөліне бөлек назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Cондай-ақ, Рекс Тиллерсон ядролық қарудан бас тартқан еліміз даналықтың айрықша үлгісі болып табылатынын атап өтті. Қазақстан бұрынғы кеңестік қаруларды және ядролық технологияларды өз аумағынан алып тастады және ядролық емес мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.
Қазақстан басшылығының батыл шешімі ядролық қарудың, оның құрамдас бөліктерінің, ядролық материалдардың және қос мақсатты технологиялардың зиянкестердің қолына түсу қаупін едәуір қысқартты деп Р. Тиллерсон атап өтті. Оның пікірінше, ядролық қару басқа елдермен қарым-қатынастарды қиындатып, есептен жаңылысу, апаттар немесе тарату қаупін тудырады.
Мемлекеттік хатшы Қазақстанның әрекеті елді халықтар қауымдастығына тарту үдерісінде маңызды қадам болды деп атап өтті. Ядролық қарудан құтылудың нәтижесінде әлем Қазақстанды ядролық агрессорға айналуы мүмкін "аластатылған" мемлекет ретінде қарастырмайды. Ол өзінің ядролық көршілері - Ресей мен Қытайдың дұшпанына да айналған жоқ.
"Бүгін Қазақстан көршілерімен тату-бейбіт өмір сүруде. Ол берік сауда қатынастарын дамытуда. Биыл елімізде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп, ол болашақтың энергия көздерін және бүкіл әлемнің қатысушыларына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті. Бұл өңірлік және халықаралық бейбітшілік пен өркендеуге елеулі үлес қосып отырған заманауи мемлекет. Қазақстан өзінің шешімінен тек пайда көрді",- деді ол.
"Бұрынғы кәсіби қызметімде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бірнеше рет кездестім және оған осы шешім туралы сұрақ қоюма мүмкіндік болды. Ол маған бұл шешімге ешқашан өкінбейтінін және күндердің бірінде бұл жоба жас еліміз үшін жасаған ең зор жақсылығы екенін айтқан", - деді Тиллерсон.
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде АҚШ Мемлекеттік хатшысына біздің елімізге және Президент Н. Назарбаевқа жолдаған жылы лебіздері үшін алғысын білдірді. Министр қатысушыларды АЭХА төмен байытылған уран банкінің ашылу кезінде жарияланған Елбасының бастамалардан хабардар етті, сондай-ақ халықаралық қарусыздану және таратпаудың негізгі аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымына егжей-тегжейлі тоқталды.
Показать комментарии
Читайте также