АҚШ мемхатшысының көмекшісі Қазақстанға ұшып келеді - БАҚ

АҚШ мемхатшысының көмекшісі Қазақстанға ұшып келеді - БАҚ

АҚШ мемлекеттік хатшысының Білім және мәдениет жөніндегі көмекшісі Мари Ройс қарашаның екінші жартысында Қазақстанға келеді. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік департаментіндегілер айтты , - деп хабарлайды РИА Новости.

Мари Ройстың Нұр-Сұлтан мен Алматыға келетіні айтылады.

"Мемлекеттік хатшының көмекшісі Ройс Қазақстан үкіметінің жоғары лауазымды мүшелерімен кездесіп, білім және мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылайды", - делінген Мемлекеттік департаменттің хабарламасында.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, Ройстың бірлескен білім беру бағдарламаларының қатысушыларымен және түлектерімен кездесіп, Қазақстан мен Chevron мұнай компаниясы арасындағы ғылым, технология және білім саласындағы әріптестік туралы құжатқа қол қоятыны айтылады.

Бірақ оның Қазақстанға сапарының нақты күндері аталмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама