01 шілде 2022 09:10

АҚШ Мемлекеттік департаменті өзбекстандық компанияға қатысты санкция салды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: J. Scott Applewhite/AP

АҚШ Мемлекеттік департаменті өзбекстандық Promcomplektlogistic компаниясына Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенін қолдады деген күдікке байланысты санкциялық шектеулер енгізді. 28 маусымда АҚШ Қазынашылық сайтында жеке тұлғалар мен компаниялардың жаңарған қара тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Akchabar сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басылымда өзбекстандық Promcomplektlogistic компаниясының 2022 жылдың наурызында санкцияға ұшыраған ресейлік "Радиавтоматика" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен байланысы бар екені көрсетілген. АҚШ Мемлекеттік департаменті мәліметі бойынша, Promcomplektlogistic санкцияларды айналып өтуге көмектесіп, Ресейге микросұлбалар берген.

"Promcomplektlogistic жеке компаниясының санкциялар тізіміне қосылуы бүкіл әлемдегі бизнеске ескерту болуы керек: егер санкцияға ұшыраған ұйымдармен немесе жеке тұлғалармен бизнес жасасаңыз, сізге санкция салу қаупі бар", - деді АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілдері.

Реклама
Реклама

Promcomplektlogistic басқа санкцияланған компаниялар сияқты АҚШ Сауда министрлігінің заңды тұлғаларының дерекқорына автоматты түрде енгізілген. Енді америкалық компаниялар тауар немесе қызмет жеткізгісі келсе, биліктен арнайы лицензия алуға тура келеді.
 
Сондай-ақ, АҚШ азаматтары мен штаттарда тұрақты тұратын шетелдіктерге қара тізімге енген адамдармен және компаниялармен бизнес жасауға тыйым салынғаны айтылған.

Promcomplektlogistic 2018 жылы Ташкентте тіркелген. Компания көлік саласында қызмет көрсетумен айналысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram