14 ақпан 2020 | 10:11

АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанның әлсіз тұсын атады

Майк Помпео Нұр-Сұлтан әуежайында. © MFA Qazaqstan

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстан мен Өзбекстанда коронавирусқа қарсы инфрақұрылым қалыптаспағанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстан мен Өзбекстанда коронавирусқа қарсы инфрақұрылым қалыптаспағанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ол бұл мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіріп, кейбір жерлерде коронавирусқа қарсы тиісті инфрақұрылым қалыптаспағанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Мен Қазақстан мен Өзбекстанда болдым. Қытаймен шекаралас аудандарда коронавирус сияқты қауіпті дертпен күресуге мүмкіндік жоқ", - деді Майк Помпео ұшақ бортында журналистерге.

Сондай-ақ ол Америка Құрама Штаттары коронавируспен қарсы күреске 100 миллион доллар бөлінетінін жеткізді. Оның айтуынша, бұл қаржы Қытайға ғана емес, Қазақстан мен Өзбекстанға да бөлінеді.

Мемлекеттік хатшы соңғы аталған елдер көмекке зәру екенін, қауіпті дертпен әлемдік деңгейде уақытында күресу қажеттігін тілге тиек етті.

"(Эпидемияны тоқтату үшін) біз қолдан келгеннің барлығын жасаймыз. 100 миллион долларды көмек ретінде бөлдік. Мүмкін, одан да көп бөлген шығармыз. Әрине, бұл қаржы Қытайға беріледі. Осылайша, оларға көмектескелі отырмыз. Сондай-ақ бұл қаражат басқа елдерге беріледі. Қауіпті дертпен әлемдік деңгейде осылай уақытында күреспекшіміз", - деді ол.

Айта кетейік, 2020 жылдың ақпан айында Майк Помпео Қазақстанға екі күндік сапармен келген болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная