19 наурыз 2021 | 14:36

АҚШ миллиондаған мигрантқа азаматтық алуға мүмкіндік береді - БАҚ

Фото:elements.envato.com

АҚШ-та иммигранттарға азаматтық және құқықтық мәртебе беретін екі иммиграциялық заң жобасы қабылданды, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та иммигранттарға азаматтық және құқықтық мәртебе беретін екі иммиграциялық заң жобасы қабылданды, - деп хабарлайды Reuters.

АҚШ Өкілдер палатасы елдің иммиграциялық жүйесіне түзетулер енгізу мақсатында "Америкалық арман және уәде туралы Заң" және "Фермалардағы жұмыс күшін жаңғырту туралы заң" деп аталатын екі иммиграциялық заң қабылдады.

Бірінші заң жобасы АҚШ-тағы 2,5 миллион адамға азаматтық алуға жол ашады. Ол АҚШ-қа кәмелетке толмаған кезде кірген тіркелмеген иммигранттар. Заң оларға өмір сүруге, жұмыс істеуге, армияда қызмет етуге және 10 жылға жер аудару қаупінсіз білімін жалғастыруға және егер олар бірқатар талапқа сай болса, АҚШ азаматтығын алуға мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, бұл заң соғыстан немесе табиғи апаттардан қашқан және АҚШ-та уақытша қорғаныс мәртебесі бар көптеген иммигранттарға "Грин карта" ұсынады. Жалпы, көші-қон саясаты институтының деректері бойынша, бұл 4,4 миллион адамға елде тұрақты тұру құқығын бере алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная