24 мамыр 2021 | 09:09

АҚШ пен Еуропа Беларусь әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салуға шақырды

©РИА Новости

АҚШ сенатының халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Боб Менендес Чехия, Латвия, Германия, Литва, Ирландия, Польша және Ұлыбританиядағы әріптестерімен бірге Ryanair ұшағының Минскіге шұғыл қонуына байланысты мәлімдеме жасап, барлық рейске Беларусь әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салуға шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ сенатының халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Боб Менендес Чехия, Латвия, Германия, Литва, Ирландия, Польша және Ұлыбританиядағы әріптестерімен бірге Ryanair ұшағының Минскіге шұғыл қонуына байланысты мәлімдеме жасап, барлық рейске Беларусь әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салуға шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз Халықаралық азаматтық авиация ұйымын (ICAO) мемлекеттер арасындағы еркін транзиттің айқын бұзылуын және авиацияға қауіп төндіруді дереу тергеуге шақырамыз", - делінген Менендес баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Заң шығарушылар Беларусьтың ICAO-ға мүшелігін тоқтатып, тергеу аяқталғанға дейін "барлық рейске Беларусь үстінен, соның ішінде елге ұшып баруға және елден ұшуға тыйым салуға" шақырды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, хабарламада НАТО мен ЕО елдеріне Минскіге қарсы санкциялар енгізу және Беларусь билігінің "Еуропадағы демократияға одан әрі шабуыл жасау үшін Интерполды және басқа да халықаралық ұйымдарды пайдалану" мүмкіндігін тоқтату туралы ұсыныс бар.

"Біз Роман Протасевич пен басқа да барлық саяси тұтқынды жедел түрде босатуға шақырамыз", - делінген құжатта.

Бұған дейін Ryanair борты Беларусь астанасына шұғыл қонған, себебі ұшаққа мина қойылды деген ақпарат тараған, бірақ ол жалған болып шыққан еді. Жолаушылардың арасында оппозициялық Nexta Telegram-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевич болған, ол құжаттарды тексеріп жатқан кезде ұсталды.

Nexta каналы халықты былтыр тамызда Беларусьтегі президенттік сайлаудан кейін басталып, алты айдан аса уақытқа созылған наразылық акцияларына шақырған болатын. Республика билігі бұл Telegram-каналды экстремистік деп таныған. Протасевичтің өзі терроризмге қатысы бар адамдар тізіміне еніп, оған іздеу жариялаған.

Беларусьта Протасевичке "Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" (15 жылға дейін бас бостандығынан айыру) және "Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған топтық іс-әрекеттер ұйымдастыру" (үш жылға дейін бас бостандығынан айыру) баптары бойынша айып тағылған. Сонымен қатар, "кәсіпке қатысты негізде әлеуметтік араздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер" жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған (ең жоғарғы жаза - 12 жыл).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная