ПОДЕЛИТЬСЯ
13 сәуір 2020 | 09:49
АҚШ президенті болуға үміткер сексуалдық зорлық көрсетті деп айыпталды
Демократиялық партиядан АҚШ президеттігіне үміткер Джо Байденнің бұрынғы көмекшісі оған сексуалдық зорлық көрсетті деген айып тақты, деп хабарлайды The New York Times.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Демократиялық партиядан АҚШ президеттігіне үміткер Джо Байденнің бұрынғы көмекшісі оған сексуалдық зорлық көрсетті деген айып тақты, деп хабарлайды The New York Times.
Тара Ридтің айтуынша, бұл жағдай 1993 жылы болған. Ол кезде Тара Рид Байденнің офисінде кадрлық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған. Ал Джо Байден Делавэр штатынан сенатор лауазымында отырған. Әйелдің айтқанына қарағанда, Байден бір күні Сенаттың дәлізінде оған сексуалдық зорлық көрсеткен.
Содан соң ол анасына хабарласқан, анасы полицияға шағымдану керегін айтқан. Бірақ Рид полицияға хабарласпай, аппараттың үш қызметкеріне және Сенаттың персоналмен жұмыс жөніндегі бөліміне Байден "артымнан қалмай жүр" деп шағымданған. Содан соң әйел жұмыссыз қалып қойған.
Басылым журналистері саясаткердің бұрынғы көмекшісінің шағымын тексерген. Олар Байденнің үстінен жазылған шағымды таппады және Рид айтып берген әріптестері де сексуалдық зорлық фактін растамады.
Әйелдің құрбыларының бірі Рид оқиғаны 1993 жылы айтып бергенін жеткізді. Басқа құрбысы Рид оқиғаны 2008 жылы айтқанын мәлімдепті.
Тара Рид сәуір айының басында Вашингтон полициясына шағым жазды. Басылымның хабарына қарағанда, шағымда Байденнің аты көрсетілмеген, алайда әйел шағымда Байден туралы жазылғанын айтып отыр. Ол шағымды түрлі қауіптен өзін қорғау үшін жазған.
Алғаш рет Рид өзінің айыбы туралы наурыз айының соңында мәлімдеген болатын. Байденнің командасы айыпты жалған деп атады.
Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 2020 жылғы 3 қарашаға жоспарланған. Джо Байден - президент сайлауында қолдаушысы көп үміткерлердің бірі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также