ПОДЕЛИТЬСЯ
30 шілде 2021 | 12:04
АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі ауруханаға түсті
АҚШ президенті Джо Байденнің жұбайы ауруханаға түсті. Джилл Байденнің аяғы жараланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі US News басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ президенті Джо Байденнің жұбайы ауруханаға түсті. Джилл Байденнің аяғы жараланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі US News басылымына сілтеме жасап.
Операцияны Уолтер Рид Ұлттық медициналық орталығының мамандары жүргізді, деп мәлімдеді бірінші ханымның баспасөз хатшысы Майкл Лароса. Медициналық мекемеге АҚШ-тың бірінші ханымы жұбайымен бірге барған.
"Бірінші ханым сол аяғындағы жараны емдеу процедурасынан сәтті өтті... Қазір жарасы тазаланды, инфекция жоқ және сауығып кетеді деп болжанды", - деді баспасөз хатшысы.
Ол Джил Байден өткен демалыс күндері Гавайиде белгісіз затты басып кетіп, сол аяғын жарақаттап алғанын айтты.
Гавайиде болған кезде бірінші ханым Вайпаху қаласындағы COVID-19-ға қарсы вакцинация клиникасына барып, кейін әскери отбасыларға Перл-Харбор-Хикам бірлескен базасында ас беру шарасына қатысқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также