25 қаңтар 2022 | 08:46

АҚШ президенті журналиске тіл тигізді

© REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден Fox News телеарнасының журналисі туралы дөрекі сөзге жол берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Джо Байден Fox News телеарнасының журналисі туралы дөрекі сөзге жол берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, оқиға саясаткердің Ақ үйдегі мәлімдемесінен кейін болған, ол мұнда Бәсекелестікті қорғау жөніндегі кеңес кездесуіне қатысқан. Байден мен әкімшілік өкілдері кіріспе сөз сөйлеген, осыдан кейін БАҚ өкілдерінен шығу сұралған. Кейін репортерлер өз сұрақтарын айғайлап қоя бастаған.

"Инфляция туралы сұраққа жауап бересіз бе? Инфляцияны сайлау қарсаңындағы саяси астары бар деп есептейсіз бе?" - деп сұрақ қойды осы кезде Fox News журналисі Питер Дуси.

Реклама
Реклама

Байден "құнды" ескерту алғанын айтып, мысқылмен жауап берген.

"Бұл зор құндылық. Үлкен инфляциялар", - деген америкалық лидер журналиске дөрекі сөз айтты. 

Соған қарағанда, Байден микрофоны өшті деп ойласа керек, бірақ оқиға эфирге шығып кеткен.

Байденнің қызметі туралы ақпарат таратып жүрген Дуси шараларда президентке көптеп скептикалық және сыни сұрақтар қоятыны айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная