АҚШ Ресей жаһандық тәртіпті бұзып жатыр деп айыптады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Украинамен қақтығыс үшін Ресейді сынауды күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтына сілтеме жасап.

АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Украинамен қақтығыс үшін Ресейді сынауды күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтына сілтеме жасап.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ресей мобилизация жариялау арқылы Украинадағы қақтығыстың шиеленісуін күшейтуге шешім қабылдағанын айтты.

"Путин шиеленісті бәсеңдету туралы емес, керісінше шиеленістіру шешімін қабылдады. Халықаралық тәртіп біздің көз алдымызда күйреп барады. Ресейдің Украинаның жаңа аумақтарын аннексиялау әрекеті тағы бір қауіпті әрекет, сонымен қатар дипломатиядан бас тарту", - деді Блинкен.

Реклама
Реклама

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы АҚШ-тың Украинаны қорғауын жалғастырып, дипломатиялық шешімге келу үшін ұстанымын нығайта беретінін атап өтті.

"Бұл соғысты бір ғана адам таңдады. Мұны бір адам тоқтата алады. Өйткені Ресей соғысуды тоқтатса, соғыс аяқталады. Украина соғысты тоқтатса, Украинаның шаруасы бітеді. Президент Путин өз таңдауын жасады. Енді бұл біздің барлық елдердің еншісінде", - деп баса айтты Блинкен.

Оның айтуынша, кеңестің әрбір мүшесі Ресейдің "ойсыз" ядролық қоқан-лоқысын дереу тоқтату керектігі туралы нақты хабарлама жіберуі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная