15 сәуір 2021 18:31

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

Фото ©РИА Новости

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Тиісті жарлыққа АҚШ президенті Джо Байден қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Тиісті жарлыққа АҚШ президенті Джо Байден қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін (Джо) Байденнің әкімшілігі Ресей үкіметі мен барлау қызметінің АҚШ-тың егемендігі мен мүдделеріне қарсы әрекеттері үшін Ресейге қарсы шара қолданды", - делінген Ақ үй хабарламасында.

Осылайша, АҚШ Ресейдің Вашингтондағы дипломатиялық миссиясының 10 қызметкерін елден шығарады. "Америка Құрама Штаттары Ресейдің Вашингтондағы дипломатиялық миссиясының он мүшесін елден шығарады. Қызметкерлер арасында ресейлік арнайы қызмет өкілдері де бар", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

АҚШ билігі Ресейдің алты технологиялық компаниясына да санкциялар енгізді, АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, олар "Ресей барлау қызметтерінің кибербағдарламасын қолдайды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram