ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қаңтар 2022 | 17:20
АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялардың мақсатын айтты
АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға шабуыл жасалса санкциялар арқылы Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін әлсіретуді жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) мүшесі Питер Харрелл мәлімдеді. Оның сөздерін Reuters агенттігі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Негізгі мақсат - Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін және оның өндірістік қуатын уақыт өте келе төмендетуге көмектесетін шаралар қабылдау", - деді ол. Жаңа шектеулер қарапайым ресейлік тұтынушыларға қарсы бағытталмайтыны атап өтілді.
Оның сөзінше, қаржы институттарына қарсы санкциялар капиталдың кетуіне, инфляцияға, сондай-ақ Ресейдің орталық банкін басқа банктерге қаржылық көмек көрсетуге мәжбүр етуі керек, содан "Путин шығындарды бірінші күннен бастап сезінеді".
Reuters Ақ үйдегі басқа да ресми дереккөздерге сілтеме жасай отырып шектеулер авиация, теңіз ісі, робототехника, жасанды интеллект, кванттық есептеу және қорғаныс салаларына әсер етуі мүмкін екенін хабарлады.
Соңғы күндері Киев пен батыс елдері "агрессивті әрекеттердің" күшеюіне және Ресейдің Украинаға "шабуыл жасауға" дайындалуына байланысты алаңдаушылық білдіріп, олар басып кірген жағдайда бұрын-соңды болмаған санкциялармен қорқытып жатыр.
Кремль мұндай айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарып, Мәскеу ешкімге қауіп төндірмейтінін және шабуыл жасамайтынын мәлімдеді, ал "агрессия" туралы ақпарат НАТО-ның әскери техникасын Ресей шекараларына жақын орналастыру үшін сылтау ретінде қолданылатыны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также