ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2022 | 13:38
АҚШ Ресейге мемлекеттік қарызды доллармен төлеуге тыйым салады
АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейдің АҚШ банктеріндегі тәуелсіз қарызы бойынша доллармен төлем жүргізуге тыйым салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейдің АҚШ банктеріндегі тәуелсіз қарызы бойынша доллармен төлем жүргізуге тыйым салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, АҚШ Ресей үкіметіне америкалық банктердегі 600 миллион доллардан астам резервтерді төлеуді тоқтатты, бұл Мәскеуге қысымды күшейтіп, оның АҚШ долларындағы қорын азайтуы керек. Тыйым 4 сәуірде күшіне енгені көрсетілген.
"Бүгін Ресей үшін тағы бір қарызды төлеу мерзімі. Ресей қалған доллардағы құнды резервтердің сарқылуын, жаңа түсімдерді немесе дефолтты таңдауы керек", - делінген АҚШ Қаржы министрлігі мәлімдемесінде.
Агенттік авторлары мәліметіне сүйенсек, егер Ресей алдын ала белгіленген мерзімде облигациялар бойынша алдағы төлемдердің ешқайсын жасамаса немесе доллар, еуро немесе басқа валюта көрсетілген келісімде рубльмен төлем жасаса, бұл дефолтты білдіреді. Ресей Батыстың санкцияларына байланысты халықаралық қарыз нарықтарына шыға алмаса да, кредиторлар алдындағы қарызды толық өтегенге дейін және дефолтқа байланысты кез келген сот істері шешілгенше нарықтарға шыға алмайды.
Ресейде төлем жасау үшін 30 күндік жеңілдік кезеңі бар, деді министрлік өкілі.
Айта кетейік, 24 ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін салынған санкцияға сәйкес, Ресей орталық банкінің АҚШ қаржы институттарындағы валюталық резервтері бұғатталған болатын. Алайда Қаржы министрлігі Ресей үкіметіне бұл қаражатты жеке негізде купондық төлемдер үшін пайдалануға рұқсат берді.
Бұған дейін АҚШ банктерге, тәуелсіз қарызға және ресейлік элитаға қарсы санкциялар салған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также