29 желтоқсан 2021 | 14:58

АҚШ ресми тұлғаларын Бейжің Олимпиадасына жіберетін болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

АҚШ Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 18 шенеунікке виза алуға өтініш бергенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 18 шенеунікке виза алуға өтініш бергенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, АҚШ америкалық спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және консулдық, дипломатиялық қызмет көрсету үшін Қытайға шенеуніктерін жібереді. Департамент бұл қадам Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарына ресми немесе дипломатиялық өкілдік жіберу болып саналмайтынын айтты.

"Біз спортшыларымыздың, жаттықтырушыларымыздың, нұсқаушыларымыздың және қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, консулдық және дипломатиялық қауіпсіздік қызметтерін ұсынуға ниеттіміз. Бірақ бұл ресми дипломатиялық өкілдік емес", - деді баспасөз хатшысы.

Реклама
Реклама

Дереккөздер АҚШ-тан баратын қызметкерлердің көпшілігі Мемлекеттік департаменттің орта және төменгі деңгейдегі шенеуніктері екенін және олардан кейін тағы 40 адамға өтініштер түсуі мүмкін екенін айтты.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Вашингтон бойкот туралы пікірін өзгерткен жоқ.

"Осы айдың басында жариялаған ұстанымымыз өзгеріссіз қалады, Шыңжаңда жалғасып жатқан геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстарды және ҚХР-да басқа да адам құқықтары бұзылғанын ескере отырып, дипломатиялық немесе ресми өкілдік Олимпиада ойындарына қатыспайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная