АҚШ Сенаты Қазақстандағы жаңа елшіні бекітті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
pixabay pixabay

АҚШ Сенаты Қазақстандағы елші лауазымына Дэниэл Н. Розенблюмның кандидатурасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ Сенаты Қазақстандағы елші лауазымына Дэниэл Н. Розенблюмның кандидатурасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Розенблюм 2021 жылғы қазаннан бастап АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін уақытша атқарған Джуди Куоның орнына келеді.

Реклама
Реклама

Дэниел Розенблюм 2019 жылғы 9 мамырда АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалған.

2014 жылдың шілдесінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Розенблюм Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік департамент бюросында мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары болып жұмыс істеген. Оның міндетіне АҚШ саясатын және Орталық Азияның бес мемлекетімен, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен дипломатиялық қатынастарды басқару кірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная