ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2022 | 07:49
АҚШ сенатында Украинаға 40 миллиард доллар көмек пакеті мақұлданды
АҚШ сенаты Украинаға 40 миллиард доллар көлемінде қосымша көмек көрсету туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ сенаты Украинаға 40 миллиард доллар көлемінде қосымша көмек көрсету туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Дүйсенбіде өткен отырыста сенаторлар жобаға дауыс берді.
Бұған дейін Өкілдер палатасы Украинаға президент Джо Байден сұраған 40 миллиард долларлық көмек пакетін мақұлдаған болатын. Алайда республикашыл сенатор Рэнд Пол құжатқа қаражаттың жұмсалуын қадағалауды күшейтетін түзетулер енгізуді талап етіп, заң жобасына тосқауыл қойды.
Украинаға көмек көрсету бойынша негізгі дауыс беру сәрсенбі, 18 мамырда өтуі мүмкін.
Бұл бастаманы сенат мақұлдап, одан кейін президентке жолданады.
Көмекке қару-жарақ жеткізу, оқыту, гуманитарлық қажеттіліктерге жұмсалатын қаражат кіреді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также