26 маусым 2020 | 09:23

АҚШ штатында қара нәсілді адамдарға маска тақпауға рұқсат берілді

Фото: ©REUTERS

АҚШ Орегон штатының Линкольн округінде қара нәсілді адамдар үшін карантин шектеулерінің бірі - маска тағу міндет емес,- деп хабарлайды CNN

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Орегон штатының Линкольн округінде қара нәсілді адамдар үшін карантин шектеулерінің бірі - маска тағу міндет емес,- деп хабарлайды CNN

Аймақтың белсенділері мен құқыққорғаушылары расистік көзқарас салдарынан маска таққан қара нәсілді адамдарды қылмыскер деп қабылдайды деген шағымнан кейін билік осындай шешім шығарды. Бұл округтің 90 пайызы ақ нәсілді адамдар екені атап өтілген. Қара нәсілді адамдарға маска тағу ыңғайсыз болса, оны тақпауға рұқсат етілді.

Реклама
Реклама

Дегенмен Линкольн округіндегі қалған тұрғындар үшін COVID-19 пандемиясының салдарынан қоғамдық орындарда, жабық ғимаратта және көшеде маска тағу міндет. Айтқандай, биліктің бұл шешімін тек қара нәсілді адамдар емес, латынамерикалықтар, мүгедектер, тыныс алуы қиын адамдар және 12 жасқа дейінгі балалар да орындамауына болады.

Телеарна таратқан ақпаратқа қарағанда, COVID-19 пандемиясы салдарынан қара нәсілді тұрғындардың арасында қайтыс болғандар 2,3 есе көп.

Еске салайық, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 2,47 миллионға жетті. 764 мың науқас аурудан айықты, 126 мың адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная