07 сәуір 2017 11:17

АҚШ Сирияның аэродромына ракеталық соққы жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kazanfirst © Kazanfirst

6 сәуірде АҚШ Сирия үкіметі Идлиб аймағында химиялық қару қолданды деген сылтаумен елдің әуе базасына ондаған қанатты ракета тастады, - деп хабарлайды NBC News арнасы америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап. 


6 сәуірде АҚШ Сирия үкіметі Идлиб аймағында химиялық қару қолданды деген сылтаумен елдің әуе базасына ондаған қанатты ракета тастады, - деп хабарлайды NBC News арнасы америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап. 

АҚШ-тың Жерорта теңізіндегі екі әскери кемесі кемінде 50 "Томагавк" ракеталарын Сирияның Хомс аймағындағы Шайрат аэродромына бағыттаған. Пентагонның пайымынша, Сирия әскері осы жерден рейдтер жүргізеді.

Бұл жағдайға байланысты зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Пентагон өкілдері басты нысана адамдар болмағанын және авиация мен инфрақұрылым ғана бүлінгенін айтады. 

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі РИА Новости агенттігіне Сирияның аэродромына соққы жасалғанын растады. 

"АҚШ пайымынша, бұл аэродромнан Сирия үкіметі тыйым салныған қаруды қолданған", - деп хабарлайды телеарна. Сонымен қатар, АҚШ соққы жасағаны туралы Ресей және тағы бірнеше елге мәлімдеген. 

Еске салайық, 6 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресстің бірнеше мүшесіне Идлибтегі химиялық шабуылға байланысты әскери соққы жасау жайын қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын. Трамп бұл мәселені Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен талқылаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети