17 қазан 2020 | 18:11

АҚШ-та 70 жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді

Америка Құрама Штаттарының билігі 70 жылда алғаш рет әйел адамды өлім жазасына кесті. Бұл туралы елдің Әділет министрлігі мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Америка Құрама Штаттарының билігі 70 жылда алғаш рет әйел адамды өлім жазасына кесті. Бұл туралы елдің Әділет министрлігі мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл 17 жылдық мораторий жойылғаннан кейін АҚШ-тағы тоғызыншы өлім жазасы. Бұл жолы оған Лиза Монтгомери кесілді. Ол жүкті әйелді қатыгез өлтіргені және баласын құрсағынан ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Реклама
Реклама

Іс материалдарында Лиза Монтгомери 2004 жылдың қазанында күшік сатып аламын деген сылтаумен 23 жастағы Бобби Джо Стиннеттің үйіне келгені жазылған. Ол жүкті келіншекті алдымен жіппен қылғындырып өлтірген, кейін ішіндегі баласын пышақпен тіліп алған. Әйел жүктіліктің сегізінші айында болған екен. Кейін әйел сәбиді өзінің баласы қылып көрсетпек болған. 

Монтгомеридің қорғаушылары оның жалған жүктіліктен зардап шегетінін айтқан - бұл қатты жүкті болғысы келетін әйелдерде пайда болатын ауыр психикалық ауру. Сонымен қатар, адвокаттардың айтуынша, айыпталушы бала кезінде зорланған, бұл да оның психикасына әсер еткен. Ал өз кезегінде айыптаушылар әйелдің қылмысты жоспарлағаны және кейін іздерін жасырмақ болғаны, оның сау екенін көрсететінін айтқан.

Дегенмен, ол кінәлі деп танылды. Ең жоғары үкім 2007 жылдың қазанында Миссури штатының батыс округінің аудандық сотында шығарылды.

Өлім жазасы 2020 жылдың 8 желтоқсанында Индиана штатында инъекция арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная