ПОДЕЛИТЬСЯ
07 ақпан 2022 | 12:07
АҚШ-та афроамерикалық полиция қолынан қаза тапқаннан кейін наразылық басталды
Американың Миннеаполис қаласында афроамерикалық полиция қолынан қаза тапқаннан кейін жаппай наразылық шеруі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Американың Миннеаполис қаласында афроамерикалық полиция қолынан қаза тапқаннан кейін жаппай наразылық шеруі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Миннеаполис қаласының орталығына жүздеген наразылық білдіруші шығып, полиция қолынан қаза тапқан жас афроамерикалық Амир Локк ісіне қатысты әділдік талап етті.
©REUTERS
Наразылыққа шыққандар мэр Джейкоб Фрейдің отставкаға кетуін және екінші ақпан тінту кезінде 22 жастағы афроамерикалықты атып өлтірген полиция қызметкері Марк Ханнеманды қудалауды талап етті.
Локк кісі өлтіру дерегін тергеп жатқан қылмыстық іздестіру қызметкерлерінің қолынан қаза тапқаны хабарланды.
Үкімет алаңына Локктың атын және "әділдік жоқ, бейбітшілік жоқ" деген ұранды ұрандаған бейбіт халық жиналды. Наразылық білдірушілер Локктың өз үйінде мылтық иеленуге құқығы бар екенін және полиция оның пәтеріне ескертусіз кіріп келгенде, қару алуға мүмкіндігі болмағанын айтты.
Локктың адвокаттары оның осыған дейін ешқандай қылмысқа қатысы болмағанын және өзінде заңды атыс қаруы болғанын айтады.
Енді наразылық акциясына АҚШ-тың басқа қалалары да қосылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также