АҚШ-та алғаш рет жабайы күзеннен коронавирус анықталды

© Pixabay.com

АҚШ-та жабайы күзеннің коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ-та жабайы күзеннің коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, вирус Юта штатындағы жабайы күзеннен табылған. Мұны АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық қызметінің ұлттық зертханасы растады.

ProMED-mail веб-сайтындағы АҚШ жануарлар мен өсімдіктер денсаулығын тексеру қызметінің мәліметінше, ауру күзен фермасының маңында эпидемиологиялық зерттеу кезінде анықталған.

Реклама
Реклама

"Бұл - еркіндікте жүрген жабайы жануардан анықталған SARS-CoV-2 жұқтырудың алғашқы расталған дерегі", - делінген APHIS хабарламасында.

Айта кетейік, бұл ақпарат Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама