16 ақпан 2021 16:39

АҚШ-та ауа райының нашарлауына байланысты бес әуежай жабылды

Фото ©REUTERS

АҚШ-тағы бес әуежай аязды ауа райы мен елдің оңтүстігі мен батыс бөлігіндегі қарлы боранға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Simple Flying.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тағы бес әуежай аязды ауа райы мен елдің оңтүстігі мен батыс бөлігіндегі қарлы боранға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Simple Flying.

Техас, Луизиана және Миссисипи штаттарында ауа райының күрт салқындауы мен нашарлауына байланысты бес әуежай жабылып, жұмысын тоқтатты, олардың екеуі халықаралық, үшеуі аймақтық. Елде 3,7 мыңнан аса рейс тоқтады.

Джордж Буш атындағы құрлықаралық әуежайының Twitter-парақшасында әуеайлақ Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00-ге дейін жабылатыны хабарланды. Жолаушыларға әуежайға келмеуді ескертті.

Реклама
Реклама

Даллас Форт-Уэрт халықаралық әуежайында мұз бен төмен температура салдарынан рейстер мен Skylink жеңіл рельсті көлік жүйесі тоқтатылды.

Ауа райының күрт салқындауы салдарынан елдегі төрт миллионнан аса тұрғын электр жарығынсыз қалды, оның ішінде Техаста 3,6 миллионнан аса адам. Далласта термометр минус 15 градусқа дейін, Оклахома-Сити-де минус 21 градусқа дейін, ал Канзас-Ситиде минус 35 градусқа дейін төмендеді. Жергілікті БАҚ қазіргі температура көрсеткіштері 1989 жылдан бері осы қалалардағы рекорд деңгейге жеткенін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін күрделі метеожағдайларға байланысты Нұр-Сұлтан әуежайында 19 рейс кешігіп, 13 рейс мүлдем тоқтатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram