17 сәуір 2022 10:54

АҚШ-та белгісіз біреу сауда орталығында адамдарға оқ жаудырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Сенбі, 16 сәуірде Американың Колумбия қаласындағы (Оңтүстік Каролина) сауда орталығының аумағында атыс болды, бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жергілікті полицияның мәліметінше, белгісіз біреу Пасха күні Колумбия орталығының ғимаратында оқ жаудырған.

"Осы оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатқанын растаймыз", - деп хабарлады құқық қорғау қызметкерлері Twitter-дегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Жараланғандардың жарақатының ауырлығын бағалау әлі қиын. Зардап шеккендердің нақты саны, атысты кімдер ұйымдастырғаны туралы ақпарат айту әлі де қиын.

Полиция сонымен қатар сауда орталығындағы адамдарды эвакуациялап, қылмыс болған жерді тексеріп жатқанын айтты. Оқиғаның басқа мәліметтері әзірге жарияланған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram