09 сәуір 2020 | 09:21

АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 2 мыңға жуық адам қайтыс болды

© REUTERS

АҚШ коронавирустан бір тәулікте қайтыс болған адам саны бойынша жаңа антирекорд орнатты. Бұл туралы Джонс Хопкинс атындағы университет мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ коронавирустан бір тәулікте қайтыс болған адам саны бойынша жаңа антирекорд орнатты. Бұл туралы Джонс Хопкинс атындағы университет мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Бүгінге дейін АҚШ-та COVID-19-дан 14 768 адам қайтыс болған. Ал біртәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1965 адам көз жұмған. 

Реклама
Реклама

АҚШ-та безгекке қарсы дәрімен коронавирусты емдейді

Жалпы АҚШ коронавирусты жұқтырған адам саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Ел бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны - 431 мыңдай, 23 мың адам жазылып шыққан. Мұндай жоғары көрсеткіштерді Трамп халықтың жаппай коронавирустан тестілеуден өтуімен байланыстырған. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 727-ге жетті. Барлығы 54 адам жазылып шығып, 7 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram