28 қазан 2021 | 12:17

АҚШ-та COVID-19-ға қарсы вакцинаның төртінші дозасын салу мақұлданды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) иммунитеті төмен адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын енгізуге рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CDC сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) иммунитеті төмен адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын енгізуге рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CDC сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің федералды агенттігінің ұсынымында 18 жастан асқан орташа және ауыр иммун тапшылығы бар адамдар COVID-19 вакцинасымен мРНҚ вакцинасын аяқтап, мРНҚ вакцинасының қосымша дозасын алған адамдар үшінші вакцинациядан 6 ай өткен соң үдеткіш дозаны алуы мүмкін дейді.

"Мұндай жағдайларда орташа және ауыр иммун тапшылығы бар адамдар COVID-19 вакцинасының жалпы төрт дозасын ала алады", - деді CDC.

Реклама
Реклама

Төртінші доза Pfizer-BioNTech, Moderna немесе Janssen вакцинасы болуы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) әртүрлі өндірушілерден коронавирус вакцинасының үшінші дозасын қолдануға рұқсат берген болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) иммунитеті төмен адамдарға коронавирус вакцинасының үшінші дозасын ұсынды, дегенмен олар бастапқыда мұндай шешімге қарсы болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная