03 қазан 2017 08:54

АҚШ-та ең көп адамның өмірін жалмаған қанды қырғынды жасаған атқыштың суреті жарияланды

Америкалық БАҚ-тар Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығарып, соңғы мәлімет бойынша 59 адамды өлтіріп, 500-ден аса адамды жарақаттаған 64 жастағы зейнеткер Стивен Пэддоктың суретін жариялады, - деп хабарлайды Вести.Ru. Сондай-ақ, атқышпен бірге саяхаттаған көңіл қосқан серігі Мэри Лу Дэнлидің суреті жария болды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық БАҚ-тар Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығарып, соңғы мәлімет бойынша 59 адамды өлтіріп, 500-ден аса адамды жарақаттаған 64 жастағы зейнеткер Стивен Пэддоктың суретін жариялады, - деп хабарлайды Вести.Ru. Сондай-ақ, атқышпен бірге саяхаттаған көңіл қосқан серігі Мэри Лу Дэнлидің суреті жария болды. 


Атқыш Стивен Пэддок зейнетке шыққан, аңшылыққа рұқсаты болған және Лас-Вегасқа казино ойнау үшін жиі келіп тұрған, концерттер мен шоуларға да көрермен болған. © Heavy.com

Реклама
Реклама


NBC News телеарнасының мәліметінше, Пэддоктың қандай да бір халықаралық террористік ұйымдармен байланысы болмаған. © foxnews.com


Мэри Лу Дэнлиге іздеу жарияланды. Кейін полиция әйелдің бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Қылмыс кезінде ол Лас-Вегаста болмаған. © Heavy.com

Стивен Пэддок Невада штатындағы Мескит қаласында қарттарға арналған коммунасында 62 жастағы сүйіктісімен тұрып жатқан (Лас-Вегастан шамамен 130 шақырым жерде). Ер адамның онда 2015 жылы 369 мың долларға сатып алған үйі бар екен.

Сонымен қатар, оның байқуатты адам болғаны айтылады. Оның үйімен қатар, екі жеке ұшағы бар екен, ал 2003 жылы пилот лицензиясын алған. Оның аңшылық пен балық аулауға да рұқсаты болыпты. Қазіргі уақытқа дейін ол заң бұзбаған. Бастапқыда ол Lockheed Martin компаниясында аудитор болып жұмыс істепті. Ол әскерде қызмет етпеген.

28 қыркүйекте Пэддок көңіл қосқан серігінің құжатын пайдаланып, Mandalay Bay қонақүйінің 32-қабатындағы нөмірін жалдаған, сол жақтан атыс шығарған делінеді.

Ал Пэддоктың бауыры отбасының бұл оқиғадан есеңгіреп отырғанын айтады. "Стивен мұндай жасайды деп ойламағанбыз. Қарапайым жігіт еді. Бірдеңе болғанға ұқсайды", - деп келтіреді оның сөзін Daily Mail.

Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram